08.02.2021, 18:32 18347

Алматыда полицейлер тобы ведомстволық ақпараттық базаларды сатты

Алматы. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан азаматтарының жеке мәліметтерін сатқан полицейлер ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов айтты.
 
Оның атап өтуінше, Алматы қалалық полиция департаментінің қазіргі және бұрынғы қызметкерінің қатысы бар қылмыстық топ ұсталды. Полиция қызметкерлері азаматтық тұлғалармен ымыраласып, ведомстволық ақпараттық базаны сатуды бизнеске айналдырып алған.
 

Жеке мәліметтер үшінші тұлғалардың қолына түсіп отырған", - деді департамент бастығы.

 
Арман Садановтың нақтылай түсуінше, аталған қылмыстық әрекетке Алматы қалалық полиция департаментінің қызмет істеп жүрген 2 қызметкерінің және бұрынғы 3 қызметкерінің, бір азаматтық тұлғаның қатысы бар екендігі анықталып отыр.
 

Олардың тікелей бастықтары қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Тіпті лауазымынан босатылғандары да бар", - деді ол.


Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны