07.07.2021, 23:58 19373

Алматыда санкцияланбаған митингтің үш қатысушысы ұсталды

АЛМАТЫ. 7 ШІЛДЕ - Алматыда Бостандық ауданының полициясы санкцияланбаған митингке үш қатысушыны ұстады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылдың 6 шілдесінде бірнеше рет ескертулерге қарамастан, бір топ адамдар санкцияланбаған митинг ұйымдастырды. Заңсыз әрекеттер туралы бірнеше рет түсіндірулерге қарамастан, жиналғандар мегафон мен басқа да атрибуттарды қолдана отырып шеру өткізуге тырысты. Осыған байланысты оларды полиция қызметкерлері бұғаттаған. Айта кету керек, құқық бұзушылар полиция қызметкерлеріне бағынбады, оларға әртүрлі заттарды лақтырды, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзды және қоғамға құрмет көрсетпеді", - деп хабарлады Бостандық аудандық полиция басқармасы.

 

Үш тәртіп бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың екеуі бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамауға алынды. Тағы бір ұсталған азамат денсаулығына байланысты жауапкершіліктен босатылды", - деді басқарма бастығы Думан Аухадиев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны