29.10.2021, 19:29 36586

Алматыда сауналардың бірінде ірі өрт шықты

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
АЛМАТЫ. 29 ҚАЗАН - Алматыда сауналардың бірінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

28 қазан күні сағат 20:02-де өрт сөндірушілер Алатау ауданы, Сухамбаев көшесі, 21 мекен-жайы бойынша жоғары дәрежеге шақырту бойынша шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 5 минуттан келген соң, 2 қабатты кешеннің төбесінде сауна өртеніп, оттың үш қабатты жапсарлас ғимаратқа таралу қаупі туындады", - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

 
Өрт жарты сағат ішінде, сағат 20:37-де ауыздықталып, сағат 20:46-да толығымен жойылды, қабылданған шаралармен кешеннің бірінші және екінші қабаттарының үй-жайларын (сауда орындары, дене шынықтыру залы) өрттен аман алынып қалды, сондай-ақ жапсарлас орналасқан үш қабатты ғимараттың үй-жайлары (кафе, ойын залы және жеке меншік тұрғын үй-жайлар) қорғалынды.
 
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрады.
 
Оқиға орнына жеке құрамынан 60 астам адам, 21 бірлік техника жұмылдырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны