22.11.2021, 21:23 99334

Алматыдағы қайғылы оқиға: өзін және үш баласын өлтірген әйел жазба қалдырды

Алматыдағы қайғылы оқиға: өзін және үш баласын өлтірген әйел жазба қалдырды
Сурет: telegram/Qumash
АЛМАТЫ. 22 ҚАРАША - Үш баласымен бірге тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап, қайтыс болған әйел өлім алдындағы хат қалдырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тергеудің осы кезеңінде өзін үш баласымен 9-қабаттан лақтырып жіберген әйелдің әрекетінің алдын-ала себебі анықталды. Бұл отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізіндегі жұбайымен болған жанжал. Өлім алдындағы жазбасы бар. Басқа мән-жайлар анықталуда", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 
Ведомствоның ақпараты бойынша,, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 105 бабына сәйкес тергелуде. Тергеу-жедел тобы құрылды.
 
Естеріңізге сала кетейік, "Жетісу" шағын ауданында көпқабатты үйлердің бірінде 28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны