06.09.2022, 14:02 19981

Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Қалалық ТЖД төтенше жағдай салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.
АЛМАТЫ. 6 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін таңертең Алматы көшелерінің бірінде жүріп келе жатқан автобус өртенді.
 
Таңғы сағат 08:30 шамасында Саин көшесінің бойында Шаляпин және Жандосов көшелерінің аралығында келе жатқан N38 бағдарлы автобус өртеніп кетті. 
 

Сағат 08:27-де Әуезов ауданы, Саин көшесі, Шаляпин көшесінің қиылысы мекенжайында бағдарлы автобустың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен соң, өрт сөндірушілер жедел аттанды. Келген бойда 38 автобустың өртенгені анықталып, оны сөндіру үшін көбікті қоспа қолданылды. Сондай-ақ, автобус конструкциясын салқындату үшін қосымша көбік пайдаланылды", - деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 
Өрт сөндірушілер жарты сағаттан аз уақыт ішінде өртті толық сөндірді.
 
Қалалық ТЖД төтенше жағдай салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. Өрт шыққан автобустан жүргізуші мен жолаушылар өз беттерінше шығып үлгерген.
 
Өрттің шығу себебі өрт-техникалық сараптама барысында анықталады.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны