17.09.2021, 22:25 13099

Алматының орталығында 4 қабатты тұрғын үй өртенді

АЛМАТЫ. 17 ҚЫРКҮЙЕК - Алматының орталығында 4 қабатты тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2021 жылғы 17 қыркүйекте 15 сағат:09 минутта Алматы қ. ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданы, Назарбаев даңғылы, 124 мекен-жайы бойынша жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты. Бірнеше минут ішінде келген алғашқы бөлімшелер 4 қабатты үйдің шатыры жанып тұрғанын, өрт сөндіру техникаларының кіруіне үй маңына қойылған жеке автокөліктердің кедергі туғызғанын хабарлады.
 

Тұрғындар дереу эвакуацияланып, өрт оқпандары іске қосылды, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, төрт жауынгерлік учаске құрылды және шатырдың барлық периметрі бойынша 14 әмбебап өрт оқпандарын беру ұйымдастырылды. Өрт орнына жеке құрамнан 90-нан астам адам, 28 бірлік техника шұғыл жіберілді", - деп хабарлады ТЖД.

 
Оттың тез таралуына ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері,яғни ғимараттың жабындысы ағаштан төселгені, сондай ақ жасырын қуыстары бар қаңқалы қамыстан салынған қабырғалары ықпал етті.

 
Өртте 4 жауынгерлік учаске құрылып, өртті сөндіруге өнімділігі жоғары өрт оқпандары енгізілді. Су беру өнімділігі жоғары лафетті оқпаны бар көпиінді өрт сөндіру автомобильдік көтергіші, сондай-ақ өрт сөндіру автопоезд, 32-метрлік автосаты орнатылды.
 
Қазіргі уақытта қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
 
Қазіргі таңда өрт үйінділерін тазалау және су төгу жұмыстары жүргізілуде. 16.40-та өртті оқшаулауланып, 17.07-де толық жойылды, қабылданған шаралармен үйдің үшінші, екінші және бірінші қабаттарын өрттен қорғап аман алып қалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ӨртАлматы

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны