03.02.2011, 12:22 4659

Алты айлық сәбиін өлтірген қылмыскер тиісті жазасын алды

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Байет ауылының тұрғынын 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасай отырып.

Астана. 3 - ақпан. Kazakhstan Today - Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Байет ауылының тұрғынын 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ол ҚР Қылмыстық кодексінде көрсетілген балаға ауыр зардап әкелгені үшін жазаға тартылып отыр.

Мас болған 30 жастағы ер адам өзінің алты айлық қызы Жанерке Аманжанқызын аса қатігездікпен басынан бірнеше рет жұдырықпен ұрып жібереді, сондағы себеп - әйелі қызды бөтен адамнан өмірге әкелді деген күдік. Алған жарақатынан күнәсіз сәби сол жерде көз жұмады.

Сот отырысында ер адам өз қылмысын мойындамаған, "мен қызымды өлтірген жоқпын, оны ұрған да емеспін, әйелім оны өз қолынан құлатып алды", - деген.

Қылмыскердің жазасы медициналық сараптама арқылы, куәгерлер мен соттың басқа да материалдары арқылы дәлелденді.

Қылмыскер енді апелляциялық шағым түсіруге құқылы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны