29.02.2008, 11:33 677

Апатқа ұшыраған ТЖМ ұшағының бортында 18 адам болған, олардың бесеуі қайтыс болды (толықтырылған нұсқа)

Апатқа ұшыраған ТЖМ ұшағының бортында 18 адам болған, олардың бесеуі қайтыс болды (толықтырылған нұсқа)

Алматы. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында апатқа ұшыраған ТЖМ ұшағының бортында 18 адам болған, олардың бесеуі қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік "Алматы қалалық құтқару қызметі" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қалалық құтқару қызметі" ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы Сағитжан Бірмағанбетов апат орнында қаза тапқан. Тікұшақтың екінші пилоты Ғалым Нұрмағамбетов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Қазбек Төреманов, ҚР ТЖМ полковнигі Нұрлан Құмаров пен тікұшақтың ұшқышы - экипаж командирі Фахрадин Оңғарбаев ауруханада қайтыс болды.

Қалған 13 адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қазір тоғыз адам облыстық медицина орталығында, төртеуі Жалағаш ауылындағы аудандық ауруханада жатыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазавиаспас" мекемесіне қарасты МИ-8 тікұшағы (борт саны 25001) Жалағаш ауылында (Қызылордадан 75 шақырым жерде) кеше 15 сағат 30 минутта Сырдария өзенінің арнасын бойлай ұшу барысында апатқа ұшыраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны