03.11.2022, 13:39 18026

Қарағанды облысында шахтада газ шығып, бес адам қаза тапты

Қарағанды облысында шахтада газ шығып, бес адам қаза тапты
Сурет: Depositphotos
Қарағанды. 3 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қарағанды облысының Шахтинск қаласында шахтада газ бөлініп, нәтижесінде 5 адам қаза тапты. Агенттік тілшісіне ақпаратты ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
 

3 қарашада сағат 03.03-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті Ленин атындағы шахтада газды дренаж ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде кенеттен газ бөлінді. Авариялық учаскеде болған бес адам қайтыс болды. Төрт жұмысшы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - деді Иманқұлов.

 
Сондай-ақ, алдын ала ақпарат бойынша, 106 жұмысшы эвакуацияланды.
 

Өндірістік процесс уақытша тоқтатылды. ҚР ТЖ министрі генерал-лейтенант Ю.В. Ильиннің басшылығымен аварияны тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді ТЖМ ресми өкілі.

 
Полиция департаменті адамдардың қайтыс болу фактісі бойынша "Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны