25.12.2006, 18:41 3046

Аралда опырылып кеткен мұздың үстінде қалған 61 балықшы құтқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Аралда опырылып кеткен мұздың үстінде қалған 61 балықшы құтқарылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Мұхит Ақдәулетовтың ақпаратына сәйкес, Арал ауданының жағалаудағы Бөген және Қарашалаң ауылдарының тұрғындары опырылып кеткен мұздың үстінде қалды деген ақпаратты жексенбі күні 15 сағат 30 минутта аудан әкімі Нәжімеден Мұсабаев хабарлаған. Ол құтқару жұмыстарын өз бетімен жүзеге асырмақ болған. "Бір жағы 8 , екінші жағы 15 шақырымдық алып мұз кездейсоқ жағалаудан бөлініп кетіп, балықшылармен бірге ашық теңізге қарай жылжи бастаған",- дейді ол.

Жағалаудағы Қамбаш ауылында орналасқан мобильді топ пен Қызылордадан 15 құтқарушы шақырылды.

Мұхит Ақдәулетовтың хабарлауынша, қатты жел мен тұманға қарамастан, құтқарушылар қайықпен ашық теңізге шыққан. "22 сағатта олар мұз бен оның үстіндегі балықшыларды тапты. Барлық 61 адам құтқарылды",- деді ол.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерінің айтуынша, балықшылардың автокөліктер мен мотоциклдердің жарығын жағып қою үлкен көмек болған.

Қазір құтқарушылар теңіздегі ахуалды радиобайланыстың мүмкіндігі жететін жерлерде қадағалауда. "Алматыдан арнайы ұшып келген "Қазспас" тікұшағының өңірді аралап шығуына күн райы ахуалы мүмкіндік бермей отыр",- деді ол.

Изірге мұздың үстінде қалған техниканың келешегі беймәлім күйінде қалып отыр. Ақсақалдар опырылған мұзды жел кері айдап әкеледі дегенге сенім артуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны