17.05.2010, 15:19 2872

"АрселорМитталТеміртау" компаниясының Күзембаев атындағы шахтасында апаттық лаваны оқшаулау жұмыстары жүргізілуде - ТЖД

"АрселорМитталТеміртау" компаниясының Күзембаев атындағы шахтасында апаттық лаваны оқшаулау жұмыстары жүргізілуде - ТЖД

Қарағанды. 17 мамыр. Kazakhstan Today - "АрселорМитталТеміртау" компаниясының Күзембаев атындағы шахтасында апаттық лаваны оқшаулау жұмыстары жүргізілуде, бұл шахтаның жұмысын таяу уақыттарда қайта жандандыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің көмір өнеркәсібін мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы Станислав Сытник мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен шахтада апаттық жағдайдағы 42К10-з лавасын оқшаулау жұмыстары жүргізілуде, ол бүгін кешке немесе ертең аяқталады деп жоспарлануда, әзірге көмір өндіріліп жатқан жоқ.

Газ шыққан лава жұмыс істемей тұрған, ол жерде демонтаждау жұмыстры жүргізіліп жатқан. Бұл лавамен қоса шахтада жұмыс істеп тұрған тағы да екі лава бар, бірақ, газ шығуға байланысты шахтада жұмыс толық тоқтатылды. Лавада көмірдің өзіндігінен тұтану оқиғасы тіркелген жоқ. Апаттық учаскені оқшаулау туралы шешім кейінгі сегіз жылда алғаш рет қабылданып отыр.

Шахтада апатты жою штабы жұмыс істеуде, ахуал бақылау аясында, деді С. Сытник.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 16 мамырда Қарағанды облысындағы "АрселорМитталТеміртау" АҚ-ның Күзембаев атындағы шахтасында көміртегі тотығының концентрациясы көтерілуге байланысты шахтаның жұмысы тоқтатылды, 162 кенші сыртқа шығарылды, шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны