16.06.2016, 20:35 8811

Астана әуежайында бөгде заттыӊ себебінен ұшақтыӊ қос дөӊгелегі жарылды

Астана әуежайында Ту-134 ұшағыныӊ қону кезінде екі пневматикалық дөӊгелегі жарылды. Оқыс жағдайға қону алаӊына тап болған бөгде зат себепші болды

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Астана әуежайында Ту-134 ұшағыныӊ қону кезінде екі пневматикалық дөӊгелегі жарылды. Оқыс жағдайға қону алаӊына тап болған бөгде зат себепші болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгін сағат 13:37-де Астана әуежайында аялдап келе жатқан Ту-134 ұшағыныӊ сол жақ шассиіндегі пневатикалық дөӊгелектерініӊ екеуі жарылды", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметініӊ жетекшісі Жанар Колбачаева, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Айтуынша, экипаж зардап шекпеген, ұшақта зақым жоқ.

"Бұл авиациялық оқыс оқиға санатына жатады. Алдын ала мәлімет бойынша, оған қону алаӊындағы бөгде зат себеп. Дөӊгелектері жаӊа болған. Ұшақ штаттық режимде қонды. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшқыштыӊ қателігі емес", - деді Ж.Колбачаева.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны