03.10.2007, 18:45 2919

Астана қаласының қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бақылаушысы пара алғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды

Астана қаласының қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бақылаушысы пара алғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды

Астана. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласының қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бақылаушысы пара алғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бақылаушы Е. Шин Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің "Сақшы - На страже" ЖШС директорының орынбасарынан заң бұзушылықсыз акті жасағаны үшін сыйақы ретінде 250 мың теңге сомасында пара алу үстінде ұсталған.

"Астананың Алматы ауданының № 2 сотының үкімімен Шин Е. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағында қарастырылған (пара алу) қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды",- деп айтылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны