08.01.2007, 09:50 1532

Астана мен Алматыда базарларда өрт шықты; зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Астана мен Алматыда өткен жексенбіде базарларда өрт шықты; зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәселен, Астанадағы "Сарыарқа" жабық базарында 11 сағат 31 минутта сауда бутигі өртенді. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Базар ғимаратынан 360 адам шығарылды. Өрт 12 сағат 2 минутта ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндірушілерінің күшімен сөндірілді.

Ал Алматыда жексенбіде Жетісу ауданындағы "Аягөз" базарында өрт шықты. 13 сағат 15 минутта №103 контейнерде шыққан өрт тағы үш контейнерге таралған. Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады. Өрт бір жарым сағатта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны