06.03.2013, 14:51 3315

Астанада 18 жастағы студент қызды атып өлтірген тұрғын ұсталды

"3-наурыз күні Есіл ауданында жалдамалы пәтерлердің бірінен жергілікті колледжде оқитын студент қыздың мәйіті табылды", - деп сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында ІІМ баспасөз қызметі жетекшісі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Астана. 6-наурыз. Kazakhstan Today - Астанада 18 жастағы студент қызды атып өлтірген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада 18 жастағы студент қызды өлтірді деген күдікпен елордалық тұрғын қолға түсті.

"3-наурыз күні Есіл ауданында жалдамалы пәтерлердің бірінен жергілікті колледжде оқитын студент қыздың мәйіті табылды", - деп сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында ІІМ баспасөз қызметі жетекшісі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, жәбірленуші достарына қонаққа келген көрінеді.

"Түнгі сағат бірлер шамасында масаң жастар үйдің кіреберісіне шығып, елдің мазасын алған. Үйіне қайтып келе жатқан тұрғындардың бірі оларға ескерту жасапты. Жастар болса оның сөзін елемей, төбелес шығарыпты", - деп атап өтті баспасөзө хатшысы.

"Үйден қару алып шыққан еркекті көрген жастар үйге кіріп кеткен. Ашуға мінген отағасы мылтықтың шүріппесін басып қалған. Оқ есіктің ар жағында тұрған қызға тиіпті", - деді Н.Ораз.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Қаруы тәркіленіп, сараптама тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны