05.02.2013, 11:05 3766

Астанада 2 автобус соқтығысып, 6 адам жараланды

ҚР ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада Кенесары және Уәлиханов көшелерінің қиылысында "Hunday" маркалы 2 жолаушылар автобусы (№37 және №38 бағытындағы автобустар) соқтығысты.

Астана. 5-ақпан. Kazakhstan Today - Астанада 2 автобус соқтығысып, 6 адам жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада Кенесары және Уәлиханов көшелерінің қиылысында "Hunday" маркалы 2 жолаушылар автобусы (№37 және №38 бағытындағы автобустар) соқтығысты.

"Жол апаты салдарынан жүргізуші В. Және екі автобустың жолаушылары: Д. 1972 ж.т., К. 1967 ж.т., Т. 1997 ж.т., Е. 1988 ж.т., К. 1966 ж.т. түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнындағы жұмыстарға ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 3 адам және 1 дана техника; ҚР ТЖМ "ОӨАЖҚЖ" ММ-дан 3 адам және 1 дана техника; ҚР ТЖМ "МАО" ММ-дан 3 адам және 1 дана техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны