12.05.2010, 14:06 2567

Астанада бұрынғы әскери комиссариат ғимаратында өрт шықты

Астанада бұрынғы әскери комиссариат ғимаратында өрт шықты

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Астанада бұрынғы әскери комиссариат ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Астана қаласы, Сарыарқа ауданының әкімі Сәбира Мұстафинаның айтуынша, Затаевич көшесі бойында, яғни К. Байсейітова атындағы опера және балет театрының маңында орналасқан бұрынғы әскери комиссариат ғимаратын балабақшаға айналдыру үшін онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан еді".

Оның айтуынша, ғимаратта дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Жаңа балабақша ғимаратындағы өрт дәнекерлеу жұмыстарының салдарынан болған.

Өрт орнына 8 техника келіп, сағат 12.19-да өрт толық ауыздықталды.

Өрт сөндірушілердің сөзіне қарағанда ғимараттағы жұмысшылардың арасынан зардап шеккендер жоқ. Ғимараттағы негізгі қауіп төндірген екі оттегі баллоны мен бір карбид бөшкесі сыртқа шығарылған. Ғимараттың жалпы аумағы 1400 шаршы метрді құрайды, ал өрт шарпыған аумақ 300 шаршы метр болды.

Бұған дейін бұл ғимаратта әскери комиссариат жұмыс істеген. Кейіннен бұл нысан елорданың білім басқармасының иелігіне беріліп, оны балабақшаға айналдыру үшін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.

240 балаға арналған бұл балабақша биылғы жылы 25-маусымда тапсырылуы тиіс еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны