14.04.2016, 13:20 5545

Астанада ЭКСПО ғимараттарыныӊ бірі отқа оранды

"ЭКСПО" құрылыс алаӊынан тағы өрт шықты. Тілсіз жау туралы хабар сағат 11:01-де келіп түскен. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - "ЭКСПО" құрылыс алаӊынан тағы өрт шықты. Тілсіз жау туралы хабар сағат 11:01-де келіп түскен. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Белгілі болғандай, салынып жатқан ғимараттыӊ 4-қабатында төбе жабыны мен жылытқыш өртенген. Болжам бойынша, жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Елордалық өрт сөндіру қызметі жеке құрамыныӊ 55 адамы 11:25-те тілсіз жауды лезде ауыздықтап, оттыӊ басқа аумаққа таралуына жол берген жоқ", - деп мәлім етті Р.Иманқұлов.

Бұған қоса 8 негізгі және 3 арнайы техника тартылған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны