29.02.2016, 18:03 6585

Астанада қылмыскер екі полицейді жарақаттады

Астанада тәртіп сақшылары ұстаған қылмыскер екі полицейді жарақаттады, деп хабарлайды елордалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен

Астана. 29 ақпан. Kazakhstan Today - Астанада тәртіп сақшылары ұстаған қылмыскер екі полицейді жарақаттады, деп хабарлайды елордалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"27 ақпан күні сағат 22:10-да Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметініӊ жол-патрульдік полициясыныӊ қызметкерлеріне өнеркәсіп аймағында тонаушылық жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Қаскүнемдерді анықтауға бағытталған жұмыстарды жүргізу кезінде өнеркәсіп аймағыныӊ аумағында орналасқан құрылыс вагоншасында болған адамдардыӊ бірі құжаттарды тексеру барысында кенеттен екі полицейге бірнеше рет оқ атқан", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен полиция қызметкерлері Қарағанды облысыныӊ 43 жастағы тұрғынын ұстап, Астана қалалық ІІД-ніӊ уақытша оқшаулау абақтысына қамауға алды. Ұсталған ер адамныӊ бұған дейін сотталғаны, соныӊ ішінде бір аса ауыр қылмыс (адам өлтіру) жасағаны анықталды.

Оқиға орнын тексеру барысында қару ("Наган" жүйесіндегі тапанша) анықталып, алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған фактімен ҚР ҚК 380-бабы ("билік өкіліне қатысты зомбылық жасау), 287-бабы ("қаруды заӊсыз ұстау"), 24-баптыӊ 3-99-бөлімі ("адам өлтіруге оқталу") бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ұсталған адамныӊ қала аумағында бұған дейін жасалған өзге қылмыстарға қатысын тексеруде.

Көптеген оқ жарақаттарын алған жол-патрульдік полицияныӊ қызметкерлері медициналық мекемеге жеткізілді. Ұсталған ер адам полицияныӊ старшинасы Марал Тұрғынбаевқа төрт оқ жарақатын, ал полиция сержанты Ерболат Рыспековке екі жарақат салған.

Жарақаттанған полицейлер жатқан ауруханада Астана қалалық ІІД-ніӊ бастығы, полицияныӊ генерал-майоры Амантай Иубәкіров болып, қызметкерлерініӊ хал-жағдайын білді. Елордалық Ішкі істер департаменті бастығыныӊ айтуынша, полицейлер мен олардыӊ отбасыларына жан-жақты қажетті көмек көрсетіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны