07.07.2016, 21:23 8230

Астанада қыз бен оныӊ екі жасар інісі іздестірілуде

6 шілдеде Астанада шамамен таӊғы сағат 10-да кәмелетке толмаған екі бала - 14 жастағы Жансая Ибілхайыр мен екі жасар Нұрәлі Асқар үйден кетіп

Астана. 7 шілде. Kazakhstan Today - 6 шілдеде Астанада шамамен таӊғы сағат 10-да кәмелетке толмаған екі бала - 14 жастағы Жансая Ибілхайыр мен екі жасар Нұрәлі Асқар үйден кетіп, оралмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана қ. ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 7 шілдеде сағат 3.00-діӊ шамасанда Астана қаласыныӊ тұрғыны балаларыныӊ жоғалғаны туралы айтып полицияға жүгінді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Аталған факт бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оларды іздеу шараларына Астана қ., Алматы қ, облыстардыӊ ІІД, көліктегі ІІД пен қоғамдастық тартылды.

"Тексеру кезінде қыз үйден 40 мыӊ теӊгеге жуық ақша алып хат жазып кеткен. Елордалық полиция балалардыӊ қай жерде екенін анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Қыз қара түсті күртке-плащевка, бұршақ суретті қара көйлек, капрон колготки мен қоӊыр түсті кроссовки киген. Бала сұр түсті мойны жабық күрте, көк түсті шолақ шалбар, аяғына көк түсті сандали киген.

Белгілі бір ақпаратты білетіндерге Астана қ., Бейбітшілік 19 мекен-жайы бойынша немесе код (87172) 71-60-22, 71-65-53, 71-60-10, 71-65-29, 8-775-352-39-65 телефондарына хабарласуына болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны