19.01.2007, 16:12 2989

Астанада көп қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір бала ауруханаға жеткізіліп, 30 адам эвакуацияланды

АСТАНА. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. Астанада "Текстильщик" ықшам ауданындағы бес қабатты №5 тұрғын үйде 11 сағат 37 минутта газ баллоны жарылып, 18 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соның салдарынан 30 адам басқа жаққа көшірілді. 5 жасар бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға түсті.

Өрт 12 сағат 21 минутта сөндірілген, бұл жұмысқа ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 43 адамы мен 11 техникасы тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны