18.06.2013, 13:10 8529

Астанада көпірден секірген ер адам жантәсілім етті

Елорданың Есіл ауданында Есіл өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінде қайғылы оқиға орын алды.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Астанада көпірден секірген ер адам жантәсілім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елорданың Есіл ауданында Есіл өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінде қайғылы оқиға орын алды.

27 жастағы ер адам кеше сағат 17.00 шамасында көпірден суға секіріп, батып кеткен. Оның мәйіті судан ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД суда құтқару қызметінің 5 маманы мен 3 техникасының көмегімен шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны