18.01.2012, 09:35 2981

Астанада ҚТЖ ғимаратында өрт шығып, 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Өрт 17-қаңтар күні сағат 21.56 Астана қаласының Жеңіс даңғылында орналасқан "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының 5 қабатты "Бас есептеу орталығы" ғимаратында шыққан.

Астана. 18-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада ҚТЖ ғимаратында өрт шығып, 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 17-қаңтар күні сағат 21.56 Астана қаласының Жеңіс даңғылында орналасқан "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының 5 қабатты "Бас есептеу орталығы" ғимаратында шыққан.

Өрт ғимараттың 1-ші қабатындағы №118-ші (вагондық диспетчер бөлмесінен) кабинеттен шыққан. Жалын сағат 23.09 сөндірілді.

Өрт сөндіруге Астана ТЖД-ның жеке құрамының 66 маманы мен өрт сөндіру қызметінің 16 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Оқиға орнынан 9 адам құтқарылып, 4 адам ауруханаға жеткізілген. Тағы 50 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны