08.04.2010, 10:12 2682

Астанада "Лексус" автокөлігінің жүргізушісі 10 жасар баланы қағып кетті

Астанада "Лексус" автокөлігінің жүргізушісі 10 жасар баланы қағып кетті

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада "Лексус" автокөлігінің жүргізушісі 10 жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апаты кеше, 7-сәуірде сағат 18.00-де Алматы ауданы Кенесары мен Брусиловский көшелерінің қиылысында болды. Бала алған жарақаттардан оқиға орнында қаза тапты.

Сол күні тағы бір жаяу жүргінші Қызылордада қаза тапты. ТЖМ мәліметінше, Есенов пен Жақаев көшелерінің қиылысында сағат 10.20-да "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі 40 жастағы әйелді қағып кетті. Ол жарақаттан оқыс оқиға орнында жан тапсырды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, кеше Қарағанды облысының Шет ауданында Алматы - Екатеринбург тас жолының 723-ші шақырымында Балхаш қаласынан 80 шақырымда сағат 12.52-де "Мицубиси" автокөлігі аударылды.

Апат салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында мерт болды; екі жолаушы - 46 және 54 жастағы ер адамдар ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны