27.06.2016, 18:56 8364

Астанада мәйіті табылған Балдырған Сыбанбаеваныӊ өліміне такси жүргізушісініӊ қатысы болуы мүмкін

Астанада түнгі клубтан шыққан соӊ, із-түзсіз жоғалып кеткен кәсіпкер әйелдіӊ мәйіті табылды. 33 жастағы Балдырған Сыбанбаеваныӊ азаптап өлтірілгені анықталып отыр

Астана. 27 маусым. Kazakhstan Today - Астанада түнгі клубтан шыққан соӊ, із-түзсіз жоғалып кеткен кәсіпкер әйелдіӊ мәйіті табылды. 33 жастағы Балдырған Сыбанбаеваныӊ азаптап өлтірілгені анықталып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сауда-саттықпен айналысқан бизнесмен қыздыӊ өлі денесі Елорда іргесіндегі орманнан табылған. Соған қарағанда, марқұмды қаланыӊ шетіне шығарған азғын арам ойын іске асырып, артынан азаптап өлтірген болуы мүмкін. Жантүршігерлік қылмысты жасады деген басты күдікті - такси жүргізушісі. Өйткені, түнгі клубтан жалғыз шыққан Балдырған Сыбанбаева белгісіз көлікке отырған соӊ оны ешкім көрмеген. Қазір "адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалып, таксишіні табу үшін көшедегі барлық камералардыӊ жазбасы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны