07.09.2010, 15:36 2915

Астанада мектеп оқушысын қағып кетіп, бой тасалаған көлік жүргізушісін іздестіруде

Астанада мектеп оқушысын қағып кетіп, бой тасалаған көлік жүргізушісін іздестіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Астана қаласының ІІД жол полициясы басқармасының іздестіру қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 7 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада мектеп оқушысын қағып кетіп, бой тасалаған көлік жүргізушісін іздестіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Астана қаласының ІІД жол полициясы басқармасының іздестіру қызметіне сілтеме жасай отырып.

Іздестіру қызметінің хабарлауынша, 3-қыркүйек күні сағат 17.10 шетелдік маркалы, қызыл өңді белгісіз бір көлік Мирзояна көшесінің бойындағы "Южный" атты дүкеннің алдында жүргіншілер жүретін жерде 10 жасар мектеп оқушысын қағып кеткен. Жол апатынан кейін көлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалап үлгерген.

Іздестіру қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, №22 мектепте оқитын бала жеңіл жарақаттар алған. Оның жанында кетіп бара жатқан басқа балалар зардап шекпеген.

Баланың жеңіл жарақат алғандығына қарамастан жол полициясы баланы қағып кеткен көлік жүргізушісін іздестіруде. "Ол жол ережесін дөрекі бұзып отыр",- деп атап көрсетті полицейлер.

Астана қаласының ІІД Жол полициясы жол апатының анық-қанығын анықтау мақсатында осы оқиға туралы қандай да бір ақпарат білетін куәгерлер болса келесі номерлерге хабарласуын сұрайды: 53-22-53,53-27-76, 53-22-63.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны