10.07.2013, 11:51 19240

Астанада мотоциклдің кесірінен екі жол апаты орын алды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің қалалық ІІД-нің ЖПБ-ның баспаөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Астанада мотоцикл жүргізушілерінің кінәсінен екі жол көлік оқиғасы тіркелді.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Астанада мотоциклдің кесірінен екі жол апаты орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің қалалық ІІД-нің ЖПБ-ның баспаөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Астанада мотоцикл жүргізушілерінің кінәсінен екі жол көлік оқиғасы тіркелді.

"Сейсенбі 9 шілдеде 16 сағат шамасында белгісіз біреу қызы мтотоцикілмен Ж.Тәшенов көшесінен Тәуелсіздік көшесіне қарай бара жатып № 26 үйдің жанында сол бағытта бара тұрған "Шкода" автомашинасын соққан", - деп көрсетілген ақпар хатта.

ЖКО-нан кейін мотоцикл жүргізішусі оқиға орнынан қашып кеткен. Ал, мотоцикілде отырған тағы бір адам қатты соққыдан тізесінің сүйегін сындырып алып қалалық ауруханаға жеткізілді.

Тағы да бір ЖКО мотокөліктің қатысымен сол күні кешке 19 сағатта орын алды. 23-жасар қала тұрғыны тіркелмеген "Рейсер" маркалы мотоциклімен Н.Тілендиев даңғылының бойымен кел жатып "Астана Қамкор" автоорталығының алдында қауіпсіз жылдамдықпен жүрмей белгіленбеген жерден көшені кесіп өтпекші болған 29 жастағы жүргіншіні қағып кеткен.

Жүргінші қасындағы "Мицубиси" көлігіне соғылып құлаған. Ал мотоцикл жүргізушісі көлігіне ие бола алмай сол бағытта бара жатқан "Тойота Камриге" соғылған.

Жол көлік оқиғасы кезінде жаяу жүргінші басынан соқы алып, әрі сынықпен ауруханаға жеткізілген. Мотоцикл айып тұрағына қойылды, ал екі іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны