16.11.2011, 11:13 3254

Астанада салынып жатқан құрылыстың жұмысшысы үш метрлік биіктіктен құлап кетті

Астанада жаңадан салынып жатқан "Оқушылар сарайының" құрылыс нысанында жұмыстарды жүргізу барысында 3 метр биіктіктен "Нұржанқұрылыс" ЖШС-ның 37 жастағы сылақшысы құлап кеткен.

Астана. 16-қараша. Kazakhstan Today - Астанада салынып жатқан құрылыстың жұмысшысы үш метрлік биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада жаңадан салынып жатқан "Оқушылар сарайының" құрылыс нысанында жұмыстарды жүргізу барысында 3 метр биіктіктен "Нұржанқұрылыс" ЖШС-ның 37 жастағы сылақшысы құлап кеткен.

Нысан Бауыржан Момышұлы мен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында орналасқан. Зардап шеккен жұмысшы ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны