24.07.2008, 16:44 2814

Астанада салынып жатқан "Москва" бизнес орталығында болған жарылыс салдарынан бес адам қаза тапты - ТЖМ

Астанада салынып жатқан "Москва" бизнес орталығында болған жарылыс салдарынан бес адам қаза тапты - ТЖМ

Астана. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астанада салынып жатқан "Москва" бизнес орталығында болған жарылыс салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кешен ғимаратының 12-ші қабатында оттегі баллоны жарылған. Соның салдарынан бес адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды.

Қаза тапқандардың бәрі де бизнес орталығын салып жатқан мердігерлік ұйымның жұмысшылары.

Оқыс оқиға орнына Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті, өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем келіп жетті.

Бизнес оорталықты "Базис-А" корпорациясы салуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны