06.06.2016, 12:27 9144

Астанада салынып жатқан үйден өрт шықты

Астанада салынып жатқан ғимараттан өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ніӊ ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - Астанада салынып жатқан ғимараттан өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ніӊ ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ мәліметтерінше, бүгін сағат 11:27-де Байтұрсынов көшесінде өрт оқиғасы туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Оқиға орнына келген кезде "Мыӊжылдық аллеясы" ТК-ніӊ салынып жатқан 24 қабатты ғимаратында пластик бұйымдар - пенопласт және электр кабелі өртеніп жатқаны анықталды", - деді ол.

Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіру үшін 5 техника бірлігі мен жеке құрамныӊ 24 адамы жұмылдырылды. Өрт сағат 11:47-де толық сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны