24.03.2011, 11:51 3145

Астанада су құбырында апат болып, бірқатар тұрғын үйлер мен қалалық аурухана сусыз қалды

Астанада су құбырында апат болып, бірқатар тұрғын үйлер мен қалалық аурухана сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 24 - наурыз. Kazakhstan Today - Астанада су құбырында апат болып, бірқатар тұрғын үйлер мен қалалық аурухана сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласында су құбыры жарылуы салдарынан бірнеше тұрғын үй мен қалалық аурухана сусыз қалған.

Апат 23 наурыз күні сағат 15.45 болған. Су құбырларының тозып кетуі салдарынан 200 миллиметрлі су құбыры жарылып, соның салдарынан №1 қалалық аурухана, Скрябин көшесіндегі №6 үй, Бейбітшілік көшесіндегі №№47,40,42,44,44/1,42 а,40/1 үйлері сусыз қалған.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға "Астана су арнасы" МКК 12 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны