03.09.2009, 09:54 1504

Астанада су құбырындағы апат салдарынан 16 тұрғын үй сусыз қалды

Астанада су құбырындағы апат салдарынан 16 тұрғын үй сусыз қалды

Астана. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада су құбырындағы апат салдарынан 16 тұрғын үй сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат 2 қыркүйекте сағат 22.30-да Сарыарқа ауданында, Қарасай батыр мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған. "Жөндеу жұмыстары кезінде диаметрі 250 миллиметрлік су құбыры жарылды, соның салдарынан Қарасай батыр көшесіндегі 20, 21, 24/2, 24/1; Кривогуз көшесіндегі үйлер мен жеке меншік сектордағы 12 үй сусыз қалды", -делінген хабарламада.

Апатты жоюға "Астана Су Арнасы" ҚКК-ның 15 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны