27.01.2009, 09:43 1837

Астанада су құбырындағы апат жойылды

Астанада су құбырындағы апат жойылды

Астана. 27 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су құбырындағы апат жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Астана қаласының Сарыарқа ауданы Жангелдин көшесінде 26 қаңтарда сағат 10.10-де құбырдың ескіруіне байланысты диаметрі 200 миллиметрлік құбыр жарылды. Соның салдарынан Жангелдин көшесіндегі екі үйдің, №50 балабақшаның, Бейбітшілік көшесіндегі бір үйдің, ҚР ТЖМ ғимараты мен Иуезов көшесіндегі бес үйдің тұтынушылары сусыз қалды.

Сағат 16.00де су қамтамасыздығы толық қалпына келтірілді. Төтенше жағдайды жоюға "Астана су Арнасы" ҚКК 14 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны