05.10.2011, 12:12 3259

Астанада зауыт директоры көрмеге әкелінген техниканың астында қалып қойып, мерт болды

Астанада көрмеге әкелінген техникаларды эвакуатордан түсіру кезінде "Корыстехник" жабық акционерлік қоғамының діңгек қағуға арналған "Артек" өзі жүретін машинасы аталмыш зауыт директорының үстіне құлап кетті.

Астана. 5-қазан. Kazakhstan Today - Астанада зауыт директоры көрмеге әкелінген техниканың астында қалып қойып, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Астанада көрмеге әкелінген техникаларды эвакуатордан түсіру кезінде "Корыстехник" жабық акционерлік қоғамының діңгек қағуға арналған "Артек" өзі жүретін машинасы аталмыш зауыт директорының үстіне құлап кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нен хабарлады.

Қайғылы оқиға 4 қазан күні, сағат 20.49-да Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында болды. Өзі жүретін машинаның рөлінде отырған "Корыстехник" ЖАҚ-тың 37 жастағы директоры алған жарақаттардан оқиға орнында мерт болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны