24.04.2013, 16:55 3559

Астанада жатақхана өртеніп, 100 адам сыртқа шығарылды

Чехов атындағы көшедегі ғимараттың үшінші қабатында 640 шаршы метр алаңды құрайтын тұрғын жай өртенді.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Астанада сәрсенбіге қараған түні үш қабатты жатақханада өрт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Чехов атындағы көшедегі ғимараттың үшінші қабатында 640 шаршы метр алаңды құрайтын тұрғын жай өртенді.

Өрт барысында үш адам құтқарылып, жүз адам сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт үш сағат ішінде сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны