21.04.2008, 09:06 1130

Астанада жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Астанада жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 20 сәуірде 23 сағат 55 минутта "Ауди" және "Тойота" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан "Ауди" көлігінде отырған жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Екі жүргізуші мен екі жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды. Бұл екеуінің аты-жөні әзірге анықталған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны