23.10.2009, 13:22 2463

Астанадағы филиалына жер астынан қазып кіруге талпыныс жасалғанын "Цеснабанк" растады

Астанадағы филиалына жер астынан қазып кіруге талпыныс жасалғанын "Цеснабанк" растады

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Астанадағы филиалына жер астынан қазып кіруге талпыныс жасалғанын "Цеснабанк" АҚ растайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткен демалыс күндері "Цеснабанк" АҚ баспасөз қызметінің кәсіби дәйекті іс-қызметінің нәтижесінде Астанадағы Бейбітшілік көшесі, 43-ші үйде орналасқан банк филиалына кіруге жасалған талпыныстың алдын алуға мүмкіндік туды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, банкке кіру үшін адамның бойымен бірдей, ұзындығы 70 метрден асатын тоннель қазылған. "Алайда, "ғасыр ұрлығы" іске аспай қалды, өйткені, "Цеснабанктің" барлық бөлімшелері мен филиалдары ең заманауи жабдықтармен және дабыл жүйесімен жабдықталған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Банктің барлық мүлкі мен қаржысы сенімді қорғалған. Бұл тек Астана үшін ғана емес, жалпы Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған тосын оқиға. Қаскөйлердің "Цеснабанкке" көз тігуі ақымақтық болған. Біздің жүйеміз 17 жылдан бері ешбір ақаусыз жұмыс істеп келген. Біздің клиенттеріміз бен салымшыларымыз әз салымдарының сақтауда болатынына сенімді бола алады", - деді "Цеснабанк" АҚ басқармаларының төрағасы Дәурен Жақсыбек.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір банк полицияға шағымданып, онда іске аспай қалған тонаушылық оқиғасы мен оған кінәлі адамдарды анықтауға жұмыстар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны