13.05.2010, 14:12 3202

Атырау облысында құдыққа құлаған төрт жасар қыз құтқарылды

Атырау облысында құдыққа құлаған төрт жасар қыз құтқарылды

Атырау. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Атырау облысының Махамбет ауылында құдыққа құлаған төрт жасар қыз құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Төтенше оқиға 11 мамыр күні Махамбет ауылында кешкі сағат 8 шамасында болған. Бір үйдің ауласында бес жасар Ақбота Рахметолла (Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерінің қызы) мен төрт жасар Алтынай Саматқызы ойнап жүрген, соңғысы абайсызда аулада ашық тұрған құдыққа құлаған", - деп хабарлайды ТЖД.

"Екінші қыз бала үйге жылай жүгіріп көмек шақырған. Оның әкесі Тарғын үйдің ауласында Бекжан және Аслан есімді достарымен бірге тұрған. Құдыққа жүгіріп келген жігіттер судың бетінде қалқып жүрген Алтынайдың тәпішкелерін ғана көреді. Олар қызды судың түбінен іздестіре берген. Ақыр соңында Бекжан баланы тапты, осы кезде судың түбінде болғанына баланың 5 минуттан асып кеткен еді. Аслан мен Тарғын оқиға орнында қыз балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін аудандық ауруханаға жеткізген. Қазір Алтынайдың жағдайы жақсы", -деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Самал Ибирова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны