06.04.2007, 10:17 1584

Атырау облысында түрік компаниясының тамақтан уланған 360 қызметкері ауруханадан шығарылды

АСТАНА. 6-сәуір. Kazakhstan Today. Атырау облысында түрік компаниясының тамақтан уланған 360 қызметкері ауруханадан шығарылды, тағы 137 адам емделіп жатыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 27-наурыздан бастап Түркияның "Гате Иншаат" АҚ құрылыс компаниясының жұмысшылары Атырау облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан улану белгілерімен жатқызыла бастаған. Олардың бәрі де сол күні зауыт асханасында тамақтанған. Улануға сальмонеллез себеп болған. ЖШС-нің асхана қызметкері сальмонелла энтеритидис бактериясын таратушы көзге айналған. Жұқпалы дерт технологиялық және жылу тәртібін бұзу арқылы пісірілген тауықтың сан еті арқылы тараған. Сонымен бірге өнімді сату мерзімі де өтіп кеткен. "Бактериологиялық зерттеулердің алдын-ала қорытындысына сәйкес, 102 науқастан сальмонеллез анықталды", деп хабарлайды мекеме.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5-сәуірдегі 18 сағаттағы жағдаймен 360 адам ауруханадан шығарылды. Атыраудың емдеу мекемелерінде 137 адам, соның ішінде 37 адам қалалық стационарда, Қарабатан ауылдық провизорлық госпиталінде 100 адам жатыр. "Науқастардың жағдайы орташа",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны