18.03.2016, 11:54 6724

Атырау облысындағы "Батыс Теӊіз" кен орнынан мұнайшылар эвакуацияланды

16 наурызда Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан "Батыс Теӊіз" кен орнындағы ұӊғымалардыӊ бірінде бұрғылау алаӊдарыныӊ қорғаныс дамбаларын теӊіз толқыны шайып кету қаупі төніп, жұмысшыларды эвакуациялау қажеттілігі туындады

Атырау. 18 наурыз. Kazakhstan Today - 16 наурызда Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан "Батыс Теӊіз" кен орнындағы ұӊғымалардыӊ бірінде бұрғылау алаӊдарыныӊ қорғаныс дамбаларын теӊіз толқыны шайып кету қаупі төніп, жұмысшыларды эвакуациялау қажеттілігі туындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі алаӊда барлығы 41 адам болған. Олардыӊ 18-і - Қытай Халық Республикасыныӊ азаматы, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Атырау облысыныӊ ТЖД штаб құрылып, жағдайды ҚР ІІМ ТЖК төрағасы өзі бақылауда ұстады.

Ықтимал төтенше жағдайдағы ауданға Атырау облысыныӊ Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, өтімділігі жоғары техникадағы батыс аймақтық жедел-құтқару отрядынан құрылған құтқару тобы аттанды.

Учаске қашықта орналасқандықтан, құтқарушылар аталған орынға 17 наурызда келді. Осы уақыт аралығында жұмысшылармен байланыс орнатылып тұрды, деп атап өтті ТЖК.

Сағат 8:20-да ауа райыныӊ қолайсыздығына қарамастан, жұмысшыларды құтқару операциясы басталды.

Сағат 10:11-де бірінші ұӊғымадағы 16 жұмысшы арнайы техникамен "Батыс Теӊіз" кен орныныӊ вахталық қалашығына жеткізілді.

Сағат 10:15-те құтқарушылар екінші ұӊғыма алаӊында болған тағы 25 жұмысшыны құтқаруға аттанды.

Астана уақытымен сағат 11:50 құтқарушылар барлық жұмысшыларды вахталық қалашықтағы қауіпсіз орындарға көшірді. Зардап шеккендер жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны