30.03.2010, 17:44 4940

Атырау облысының Құлсары қаласында үш бала сандық ішінде тұншығып қалды

Атырау облысының Құлсары қаласында үш бала сандық ішінде қайтыс болды

Атырау. 30 наурыз. Kazakhstan Today - Атырау облысының Құлсары қаласында үш бала сандық ішінде қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтароваға сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Жылыой ауданының Құлсары қаласында оқыс оқиға шығып үш бала қайтыс болды. Наурыздың 29 күні ойнап жүрген 3 және 6 жастағы екі қыз бала мен 7 жастағы ұл бала - ағайынды үшеу - үйдегі сандықтың ішіне түскен, сол кезде оның қақпағы жабылып қалған. Сандық ішінде ауа жетпей тұншыққан балалар аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілгенімен, жасөспірімдер естерін жимастан қайтыс болды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны