09.10.2009, 16:54 3154

Атырауда құлаған көпірдің платформасын көтерген кезде бүгін мәйіті табылған құрылысшының аты-жөні анықталды

Атырауда құлаған көпірдің платформасын көтерген кезде бүгін мәйіті табылған құрылысшының аты-жөні анықталды

Атырау. 9 қазан. Kazakhstan Today - Атырауда құлаған көпірдің платформасын көтерген кезде бүгін бір құрылысшының мәйіті табылып, оның аты-жөні анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің судан құтқару қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, бүгін күндіз сағат 11 кезінде көпірдің платформасын көтерген кезде облыстық судан құтқару қызметінің сүңгуірлері Оралдың түбінен 11 қыркүйекте көпір құлаған кезде қаза тапқан бір құрылысшының мәйітін тауып, судан шығарды.

Кейін қаза тапқан жігіттің Қарағанды облысының 32 жастағы тумасы екені мен оның аты-жөні анықталды. "Трансстроймост" АҚ-ның тағы бір құрылысшысының мәйіті іздестіріліп жатыр.

Еске сала кетейік, қыркүйектің 11-інде 19 сағат 46 минутта Жайық өзені үстінен салынып жатқан ұзындығы 96, ені 18 метрлік көпірдің бір бөлігі суға құлады.

Көпірдің қирауы салдарынан бес адам қаза тауып, үшеуі хабар-ошарсыз кеткен болатын. 15 қыркүйекте бір адамның мәйіті табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны