14.09.2009, 12:27 1510

Атырауда салынып жатқан көпір қираған кезде өзенге құлап кеткен үш адамды іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда - Божко

Атырауда салынып жатқан көпір қираған кезде өзенге құлап кеткен үш адамды іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда - Божко

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Атырауда салынып жатқан көпір қираған кезде өзенге құлап кеткен үш адамды іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда.Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Атырауда көпір қирап, бес адам қаза тапты, тағы да үш адамды біз іздестіріп жатырмыз", - деді В. Божко.

"Оқиғаның зардаптарын жоюға қажетті барлық шаралар қолданылуда. Көпірдің құлаған бөлігін алып шығу және зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жайлы бүгін-ертең шешім шығады", - деді министр.

Еске сала кетейік, қыркүйектің 11-інде 19 сағат 46 минутте Жайық өзені үстінен салынып жатқан ұзындығы 96, ені 18 метрлік көпірдің бір бөлігі суға құлады.

13 -қыркүйектегі сағат 07.00-дегі жағдай бойынша, облыстық судан құтқару қызметі "Трансқұрылыскөпір" АҚ-ның бес қызметкерінің денесін судан шығарып алды. Оқыс оқиға орнынан үш адам құтқарылып, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.

"Алдын-ала мәлімет бойынша, апат көпірдің орталық тұсын домкраттарды пайдалану арқылы шығыс жағалаудағы тұсымен түйістіретін кезде орталық тұстың понтонды құрылғының негізіндегі уақытша тіреуден тайқып кетуі салдарынан болған", - деп хабарлайды Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны