30.12.2009, 09:25 2556

Атырауда тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір бала қаза тауып, екіншісі ауруханаға жатқызылды

Атырауда тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір бала қаза тауып, екіншісі ауруханаға жатқызылды

Астана. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - Атырауда тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір бала қаза тауып, екіншісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, кеше "Жеті қазына" ықшамауданының Нұрғалиев көшесінде екі қабатты тұрғын үйде сағат 12.47-де 24 шаршы метр аумақта өрт шықты.

Өрт салдарынан түтіннен уланып, үш жасар қыз ауруханада қайтыс болды; ал бес жасар ұл бала ауруханаға жатқызылды.

Өрт Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 9 адамының күшімен 13 сағат 23 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны