03.01.2008, 17:19 2923

"Ауыл-авто" бақылау өткізу бекетінде 29 желтоқсанда 17 килограмм есірткі тәркіленді

"Ауыл-авто" бақылау өткізу бекетінде 29 желтоқсанда 17 килограмм есірткі тәркіленді

Астана. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шекарашылар жасағы "Ауыл-авто" бақылау өткізу бекетінде 29 желтоқсанда 17 килограмм есірткі тәркіледі. Бұл туралы агенттікке ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінде хабарлады.

"Шетелдік көлікпен Қазақстаннан Ресей жаққа бет алған Ресей азаматы мен екі Өзбекстан азаматы ұсталды. Иісшіл иттерді
пайдалану арқылы көліктің жүк тиейтін бөлігінде жатқан газ баллоны ішінен героин сақталған қап табылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ұсталғандардың берген ақпараты бойынша, шекарашылар сондай-ақ, есірткі иесі болған Тәжікстан азаматын құрықтады. Барлық қолға түскендер Шығыс -Қазақстан облысының ҰҚК департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны