20.10.2021, 18:23 53815

Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа түсті

АЛМАТЫ. 20 ҚАЗАН - Аяжан Еділованың зорлау және өлтіру ісі сотқа түсті. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлім етті.
 

Алматы қаласының МАЭС-на Т. есімді азаматтың қызды зорлап, аса қатыгездікпен өлтірді деген айыппен қылмыстық іс келіп түсті. Бұл іс жабық режимде өтеді", - делінген хабарламада.

 
Алдын ала тыңдауда істі қарау мәселесі алқабилердің қатысуымен немесе судьямен жеке-дара шешілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
 
Айта кетейік, 19 наурызда Алматыда 19 жасар Айжан Еділова жоғалып кеткен. Оның 22 наурызда көз жұмғаны белгілі болды. Полиция "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеуді бастады, іс бойынша Түркістан облысының 1993 жылы туған тұрғыны ұсталды.
 
Аяжан Еділованың денесі бөлшектелген күйде табылды. Күдікті қыздың мәйітін үйден шығарып, қоқыс жәшігіне лақтырып үлгерген.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны