09.03.2023, 12:21 27221

Бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: akorda.kz
Астана. 9 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Еліміздің бұрынғы Қорғаныс министріне қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды BaigeNews.kz.
 

М. Бектанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 24.02.2023 жылғы үкімімен сотталды. Оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - деп хабарлады соттан.

 
Аталған қылмыстық істің "құпия" түрде қаралуына байланысты сот толық ақпарат бере алмады.
 
Еске салайық, былтыр 21 ақпанда бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол туралы Бас прокуратура хабарлаған еді.
 
Биыл қаңтарда экс-министр Мұрат Бектановтың заңсыз бұйрық бергені анықталды.
 

Тәртіпсіздікке қатысқандар, әсіресе, Алматыда саны жағынан басым болған. Олар қоршауды бұзған, полиция мен Ұлттық ұлан күштерін басып, халыққа зорлық-зомбылық жасаған. Соның салдарынан қылмыскерлер қолынан адамдар қаза болған, қалалар тоналған және өртелген. Сондықтан Бектанов ұрыс жағдайында жасалған билікті асыра пайдалану бойынша айыпталып отыр (ҚК-нің 451-бабының 3-бөлігі). Сот оның іс-әрекеттеріне түпкілікті баға береді және оның жазасын анықтайды", - деген еді Бас прокуроры Берік Асылов.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны