25.04.2013, 12:10 3552

Бангладеште сегіз қабатты үй қирады, кемінде 80 адам мерт болды

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар ел астанасы Дакканың маңындағы ғимарат үйіндісінің астында тағы жүздеген адам болуы мүмкін деп қауіптенеді. ТЖҚ командаларына бангладеш армиясының сарбаздары көмектесіп, үйінді астынан тірі адамдарды табуға тырысуда. Қайғылы оқиға болған жерге жүздеген адамдар жиналып, өздерінің туыстары мен жақындарын іздеуде.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Бангладеште сегіз қабатты үй құлап, кемінде 80 адам мерт болды. Сондай-ақ шамамен 200 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар ел астанасы Дакканың маңындағы ғимарат үйіндісінің астында тағы жүздеген адам болуы мүмкін деп қауіптенеді. ТЖҚ командаларына бангладеш армиясының сарбаздары көмектесіп, үйінді астынан тірі адамдарды табуға тырысуда. Қайғылы оқиға болған жерге жүздеген адамдар жиналып, өздерінің туыстары мен жақындарын іздеуде.

Ғимаратта тігін фабрикасы, банк және бірнеше дүкен болған.

Өкімет орындары әзірге үйдің құлауы себебін айтқан жоқ. Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, ғимарат қабырғасы сейсенбі күні жарыла бастаған, содан кейін фабрика мен банк бөлімшесі жабылды. Алайда сәрсенбі Бангладеше рухнул дом күні кейбір қызметкерлер жұмысқа келді. Хабарларға қарағанда, бірінші қабат қана бұзылмай аман қалған.

"Біз үй құлаған кезде осында қанша адам болғанын әзірге білмейміз, бірақ көп болуы мүмкін деп қауіптенеміз", - деді ТЖҚ өкілі Джибон Миа "Ассошэйтед Пресс" агенттігіне берген сұхбатында.

Бангладеште арзан, сапвасыз материалдар пайдаланылуынан және техника қауіпсіздігі сақталмағандықтан мұндай оқиғалар жиі болып тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны