15.01.2007, 18:51 2958

Батыс Қазақстан облысында аудандық салық комитетінің бастығы пара алу үстінде ұсталды

АСТАНА. 15-қаңтар. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысында Шыңғырлау аудандық салық комитетінің бастығы пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының ҰҚК баспасөз қызметі.

Ведмоство ақпараттарына сүйенсек, аудандық салық қызметінің басшысы кәсіпкерден салық есебін қабылдауға қатысты мәселені дұрыс шешу үшін 20 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды.

Осы дерек бойынша Батыс Қазақстан облысының ҰҚКД тергеу бөлімшелері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының, 4-тармағының "а" тармақшасы (боспалаушылық жолымен пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны