24.06.2009, 10:02 1371

Батыс Қазақстан облысында күйдіргі деген алдын-ала диагнозбен 9 адам ауруханаға жатқызылды, бір адамда диагноз расталды

Батыс Қазақстан облысында күйдіргі деген алдын-ала диагнозбен 9 адам ауруханаға жатқызылды, бір адамда диагноз расталды

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында күйдіргі деген алдын-ала диагнозбен 9 адам ауруханаға жатқызылды, бір адамда диагноз расталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік санитарлық -эпидемилогиялық қадағалау басқармасынан сағат 18.00-де келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың 16 маусымында сағат 11.55-те облыстық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне күйдіргі деген алдын-ала диагнозбен Бөрілі ауданының Ақбұлақ ауылының алты тұрғыны: 26 мен 54 жас аралығындағы бес ер адам мен 59 жастағы бір әйел жатқызылған. 23 маусымда облыстық дәрігерлер консилиумы әйелге қойылған күйдіргі деген диагнозды растады.

Олармен байланыста болған 185 адам анықталып, олар дәрігерлердің бақылауына алынды, деп хабарлайды ТЖМ.

Сондай-ақ, сол күні Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік санитарлық -эпидемилогиялық қадағалау басқармасынан сағат 18.00-де келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың 18 маусымында сағат 15.55-те облыстық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне күйдіргі деген алдын-ала диагнозбен Зеленов ауданы Володарка ауылының үш тұрғыны жатқызылған. Дерт ошағында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық -эпидемилогиялық қадағалау департаментінің комиссиясы жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны